Ауада жазылған әріптерді анықтайтын қолғап пайда болды

Фотография - Ауада жазылған әріптерді анықтайтын қолғап пайда болды

Қолғаптың ерекшелігі сол, ауада қолды сермеп тұрып әріптерді жазуға болады

193 0

Германияның Карлсруэ техникалық институты қол арқылы ишаралаған әріптерді баспа символына айналдыра алатын қолғапты ойлап тапты.

Қолғаптың ерекшелігі сол, ауада қолды сермеп тұрып әріптерді жазуға болады. Жүйе тек «ауадағы жазуды» анықтап қоймай, жазылған хабарламаны электронды хаттарға, мобильді қосымшаларға түсіруге мүмкіндік береді.

Қолғап акселерометр және  гироскоппен жабдықталған. Олардың көмегімен қолдың қимылы сымсыз байланыс арқылы компьютер мониторына түсіріледі. Компьютер өз кезегінде ауада жазылғандарды белгіге (әріп, сан, тыныс белгілері) айналдыру үшін  бағдарламалық жасақтаманы қолданады.

Өндірушілердің айтуы бойынша, бүгінде жүйе тек 11 пайызға ғана қателеседі екен. Алайда, бұл көрсеткішті «калибрлеу» бағдарламасы арқылы 3 пайызға төмендетуге болатын көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!