Пластик ыдысты пайдалану демікпеге шалдыруы мүмкін

Фотография - Пластик ыдысты пайдалану демікпеге шалдыруы мүмкін

олардың демікпе дертіне шалдығуына сеп болуы мүмкін екен.

220 0

Зерттеушілердің көзқарасы бойынша, құрамында бисфенол - А қоспасы бар пластик ыдыстармен балаларды тамақтандыру барысында жиі әрі тым ерте пайдалану, олардың демікпе дертіне шалдығуына сеп болуы мүмкін екен.

Зерттеушілер тобының жетекшісі Кэтлин Донохьюдің мәліметіне сүйенсек, соңғы 30 жылда демікпенің тарау аумағы кеңейе түскен. Ал мұның бір себебі осы пластмассадан жасалған ыдыс-аяқтарда жатуы мүмкін, дейді ол.

Донохью өз зерттеуіне 568 әйелді қатыстырған. Зерттеу нәтижесінде олардың зәрінен бисфенол - А қоспасының құрамы көрініс берген. Сараптаманы 3, 5, 7 жатағы балаларға және әйелдердің  жүктілік кезеңінің 3 айында жүргізген.

Зерттеу соңында мынадай нәтижелер көрініс беріпті. Босанғаннан кейін демікпе мен тыныс алуда сырылдың күшеюі күрт жоғарылаған. Өйткені, зерттеу жүргізілген жас ерекшеліктер кезеңінде адам ағзасында иммунитет пен тыныс алу жолдарының даму үдерісі қарқын алатын кезі екен. Ал осы даму кезеңінде жоғарыдағыдай қоспалардың әсерінен зақым келуі әбден мүмкін деп топшылайды зерттеушілер қауымы. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!