Ерлер өтірікті әйелдерге қарағанда үш есе көп айтады

Фотография - Ерлер өтірікті әйелдерге қарағанда үш есе көп айтады

Жүргізілген соңғы зерттеулерге сәйкес, ер адамдардың әйелдерден үш есе жиі жалған сөйлейтіні дәлелденді.

190 0

Жүргізілген соңғы зерттеулерге сәйкес, ер адамдардың әйелдерден үш есе жиі жалған сөйлейтіні дәлелденді. Орташа есеппен ерлер күніне үш рет, ал жылына мың мәртеден астам өтірік айтады екен. Әйелдер қауымы күніне бір рет жалған айтумен шектеледі мыс.

Ұлыбританияда жүргізілген сауалнама нәтижесінде сұралғандардың тек 5 пайызының шын сөйлейтіні анықталды. Ерлердің 52 пайызы күніне 3 мәрте өтірік айтатынын мәлімдесе, 14 пайызы тіпті 5 рет алдайтынын жасырмады. Ал әйелдер қауымының 60 пайызға жуығы күніне 1 рет, 17 пайызы 3 рет айласын асыратынын айтты.

Сондай-ақ, зерттеушілер әйелдердің өз көңіл күйлеріне қатысты ақпаратты жалған беріп, «бәрі ойдағыдай» дейтінін дәлелдеді. Ал ерлердің 45 пайызы белгілі бір шаруаны уақытылы істемегені үшін өтірік айтатынын мойындаған. Сұралғандардың 71 пайызы достары, әріптестері, отбасы мүшелерінің  көңілдерін қимағандақтан, өтірікке орын беретінін алға тартқан. Айта кету керек, әйелдер ер адамдарға қарағанда жалған сөйлегені үшін өздерін жиі айыпты сезінеді екен. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!