Facebook өзгеретін болды

Фотография - Facebook өзгеретін болды

Facebook әлеуметтік желісі өзінің басты бетінің біршама өзгеретінін кеше, 8 наурыз күні мәлімдеді.

238 0

Facebook әлеуметтік желісі өзінің басты бетінің біршама өзгеретінін кеше, 8 наурыз күні мәлімдеді.

Негізгі өзгертулерді мына жерден көре аласыз.

Ең басты өзгеріс қолданушылардың жаңалық беттерінде көрінген. Құрастырушылар жаңа нұсқа біршама ыңғайлы әрі әдемі болады деп сендіреді. Ендігіде жаңалықтарды топтастыру жүйесі өзгеретін болады.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушыға лентада қандай жаңалықтарды ұсынуды өзі шешіп келсе, өзгерген қалыпта желідегі жаңалықтарды қолданушы өзі таңдап алатын болған. Қолданушы ендігіде өзінің белгілеп алған қолданушыларының жазбалары мен суреттерін ғана көр алады екен. 

Жаңа дизайн компьютерлерге де, мобильдік құрылғыларға да ыңғайлы. Жаңа интерфейсті алу үшін қолданушы жаңа нұсқаның «күтушісі» болып кезекке жазыла алады. Ал әлеуметтік желі өзгерген қалыпта қолданушының басты бет парақшасы ауысып шыға келеді.

Жаңа дизайн iOS және Android смартфондарына таяу уақытта шығатыны да белгілі болды. Ал нақты қай күні шығатыны әлі мәлім емес.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!