Британдық ғалымдар Стоунхендждің «сырын ашты»

Фотография - Британдық ғалымдар Стоунхендждің «сырын ашты»

Дегенмен, британдық ғалымдар жуырда Стоунхенджге байланысты өзге болжам айтты.

193 0

Салынғанына шамамен 4 мың жылдан астам уақыт өтсе де адамзат баласына сырын әліге дейін аша қоймаған керемет тарихи нысандардың бірі – Ұлыбританиядағы Стоундхендж. Тарихшылардың бірі оны астрономиялық орталық болған десе, екіншілері ханшайым кесенесі дегенді айтып жүр. Дегенмен, британдық ғалымдар жуырда Стоунхенджге байланысты өзге болжам айтты.

Олардың пікірінше, тарихи нысанды ешқандай да өзгепланеталықтар немесе атланттар тұрғызбаған. Оның құрылысына Ұлыбритания аралының түкпір-түкпірінен тұрғындар жиналып, «асарлатып» соққан көрінеді. Оған дәлел ретінде ғалымдар сол маңнан табылған жануарлар сүйегінің талдауын ұсынып отыр.

Ал, Стоунхендждің өзі болса жай ғана ескерткіш ретінде тұрғызылған. Лондон университеттік колледжінің профессоры Майк Паркер Пирсонның айтуынша, нысан құрылысына шамамен 4 мыңда адам жұмылдырылған. Жұмыс істеумен қатар олар бұл маңда жиі мерекелік шаралар да өткізіп отырғанын анық білуге болады дейді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!