8 жастағы ұл 61 жастағы әйелге үйленген

Фотография - 8 жастағы ұл 61 жастағы әйелге үйленген

Оңтүстік Африка Республикасында сегіз жастағы ұл 61-дегі әйелге үйленген.

245 0

Оңтүстік Африка Республикасында сегіз жастағы ұл 61-дегі әйелге үйленген. Баланың бұлай істеуін атасының аруағы талап еткен көрінеді.

Цване округында тұратын Санель Масилела (Sanele Masilela) отбасылы, бес баласы бар Хелен Шабангу (Helen Shabangu) есімді әйелге үйленген. Шешесінің айтуынша Санель кезінде Хеленді ұнатқан атасының есімін иеленген көрінеді. Немересіне елес болып көрінген атасы оған қалыңдық ретінде өзінің бұрынғы ғашығын таңдағанын айтқан-мыс. Осыдан соң ұлдың әке-шешесі аруақтың назасына қалудан қорқып, бұйрықты орындаған.

«Күйеу жігіттің» туыстары «қалыңдыққа» 500 фунт (749 доллар) төлеген және тойдың керек-жарағына деп мың жарым доллар шығындапты. Тойға 100 адам қонақ болған.

Үйлену кешін тек салт ретінде ғана өткізгенімен, күйеу мен қалыңдық неке жүзігін алмастырыпты. Тойдан соң «екі жас» өз жөндеріне тарасқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!