Ғарышта Жердегі апаттарды болжайтын жүйе пайда болады

Фотография - Ғарышта Жердегі апаттарды болжайтын жүйе пайда болады

Оны орнататын экипаж наурыздың 29-ына қараған түні Байқоңырдан ұшырылады.

331 0

Халықаралық ғарыш стансысына Жер шарындағы табиғи апаттарды болжайтын бірегей жүйе шығарылмақ. Оны орнататын экипаж наурыздың 29-ына қараған түні Байқоңырдан ұшырылады.


«Союз ТМА-08М» ғарыш кемесі «Обстановка» атты жаңа сынақты жүр­гізетін бірегей аппаратураны халық­аралық ғарыш стансысының ресейлік сегментіне жеткізуі керек. Экипаж командирі Павел Вино­гра­довтың мәліметінше, бұл – құрылғылар мен антенналардың өте күрделі жүйесі. Ғарыштық сынақ барысында оның көмегімен Жер атмосферасының жоғарғы қабатындағы плазмалы-толқынды құбылыстар зерттеледі. «Мұндай зерттеулер жер сілкіністері мен басқа да болуы мүмкін табиғи апаттарды алдын ала болжау жөнінен адамзатқа үлкен пайдасын тигізеді», – дейді П.Виноградов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!