2014 жылы Талдықорғанда LTE технологиясы бойынша 4G қондырғысы орнатылады

Фотография - 2014 жылы Талдықорғанда LTE технологиясы бойынша 4G қондырғысы орнатылады

2014 жылы Талдықорғанда LTE технологиясы бойынша 4G қондырғысы орнатылады

532 0

2014 жылы Талдықорғанда LTE технологиясы бойынша 4G қондырғысы орнатылады. Осылайша қаладағы ғаламтор желісінің жылдамдығы бірнеше есеге артпақ. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Ансар Мұсаханов өзінің блог-тұғырнамасында мәлімдеді.

Айта кетейік, өңір басшысына талдықорғандық Рамиль Раимбеков есімді тұрғын хат жазған болатын. Қала іргесіндегі саяжайлардың бірінде тұратын ол интернет жылдамдығының төмендігін және соның салдарынан жұмыс істей алмай отырғандығын айтып шағымданған.

«Бұл проблеманы 1,5 жылдан бері айтып келемін. Біз тұратын маңда ғаламтор болғанымен, оның жылдамдығы мені қанағаттандырмайды. Жұмысымды түрлі әлеуметтік желілерде отырып атқаруым керек. Біздің аймақ өркениетке қашан қосылады?» дейді талдықорғандық тұрғын.

Ансар Мұсахановтың айтуынша, Талдықорған маңындағы саяжайларды желілік интернетпен қамту әзірге мүмкін болмай отырған көрінеді. Мұндағы тұрғындар әзірге «Beeline», «Kcell» сынды операторлардың жылдамдығы 256 кб болатын желісіз қызметін пайдалануға мәжбүр.

«2014 жылы АЛТЕЛ операторы Талдықорған қаласында LTE технологиясы бойынша 4G қондырғысын орнатады. Оның арқасында шаһардағы интернет жылдамдығы бірнеше есеге жоғарыламақ. Алайда, қала іргесіндегі саяжайларға желілік ғаламтор тартудың әзірге техникалық мүмкіндіктері жоқ» дейді облыс әкімі шағымданушыға жазған жауабында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!