Мәңгі өмірдің құпиясы шарап құрамынан табылды

Фотография - Мәңгі өмірдің құпиясы шарап құрамынан табылды

Гарвард университетінің ғалымдары адам өмірін 150 жылға дейін ұзартуға әрекеттеніп жатыр.

204 0

Гарвард университетінің ғалымдары адам өмірін 150 жылға дейін ұзартуға әрекеттеніп жатыр. Олар мұндай нәтижеге қызыл шарап құрамындағы рес­ве­ратрол затының көмегімен жетуге болатынын дә­лел­деді.

Дэ­вид Синклер бастаған зерттеу тобы рес­вератролдың (табиғи фито­алек­син) синтетикалық нұсқасының ағ­за­дағы SIRT1 ақуызы белсенділігін арт­тыратынына көз жеткізген. Ал мұның әсе­рінен жасушалар қызметі ша­бан­дайды, демек, ағза ұзақ уақытқа шы­дай­тын болады. Гарвардтық ма­ман­дардың тұжырымы тышқандар, ара­­­­лар мен шіркейлерге жүргізілген сы­­нақтың нәтижесінде рас болып шық­­ты. Енді қызыл шарап құра­мын­да­ғы химиялық заттың ағзаны жасарту мүм­­кіндігін түпкілікті ай­қындау үшін ІІ тип­ті су­самырмен жә­не псо­риазбен ауы­ратын адам­дар­дан тест алы­нады. Айта кетейік, қа­зіргі медицина шараптың қызыл түсін кел­тіретін заттардың жүрек-қан­та­мырлары, қатерлі ісік, жүйке, буын жә­не көз ауруларына ем болатынын әл­деқашан мойындаған. Бірақ адам өмі­рін ұзарта алатыны алғаш рет ай­тылып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!