Мінез-құлықты Facebook-тан жасыру қиын

Фотография - Мінез-құлықты Facebook-тан жасыру қиын

Ғалымдар бұл зерттеуді ірі ком­паниялар өздерінің ком­мер­ция­лық мақсаттарына пай­да­ланып кетеді деп қауіптенеді.

231 0

Facebook барда адамдардың толық мінездемесін жасау әсте қиын емес. Microsoft Research зерттеу орталығы мен Кембридж университетінің әлеуметтанушылары жеке тұлғалардың психологиялық бет-бейнесін жасаудың оңай әдісін кеңінен қолдануға емеурін білдіреді.

Ғалымдар бұл зерттеуді ірі ком­паниялар өздерінің ком­мер­ция­лық мақсаттарына пай­да­ланып кетеді деп қауіптенеді. Әрі бұл тұтынушылардың жеке өмірі ту­ралы және олардың ар-на­мы­сына нұқсан келтіретін мә­лі­мет­тердің жария болуына жол ашуы мүм­кін. Дегенмен жобаның қа­ты­су­шысы Михал Косински «лайк­тар» жайлы бір құпияны ашты. Оның айтуынша, «ұнайды» бел­гі­сіне қарап, тұтынушының ин­тел­лект деңгейін, саяси көзқарасын, тем­пераментін, басқа да ерек­ше­ліктерін анағұрлым тереңірек ба­йыптауға болады. Тіпті «лайктар» адам­ның есірткіге қатысы бар-жоғын да жайып сала алады екен. Ға­лымдардың зерттеуіне желідегі 58 мың аккаунттың мәліметтері не­гіз болған. Facebook-тың өзі әзір­ше бұл жайлы ешқандай түсіндірме берген жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!