Неміс шипамайларының құрамында Қазақстанда өсірілетін жусан болады

Фотография - Неміс шипамайларының құрамында Қазақстанда өсірілетін жусан болады

Германияда шығарылатын ащы бальзамдардың құрамында Қазақстанда өсірілетін жусан болады.

556 0

Германияда шығарылатын ащы бальзамдардың құрамында Қазақстанда өсірілетін жусан болады.

Ақмола облысы Шортанды ауданының шаруасы Ғабит Сыздықов неміс компаниясына жусан жеткізген. Ол пішен шабуға берілген кішігірім жер телімін басында фармокологиялық шикізат егуге пайдаланған көрінеді. Жұмыс тоқтап, қараусыз қалған кездер де болған-тын. Уақыт өте шаруа жерді тазалап, өңдейтінін Германияда тұратын досына айтқанда, досы оған орылған жусанды Батыс Еуропада ащы шипамай өндіретін танымал сауда белгісіне сатуды ұсынады.


«Басында жерге жусан егуден пайда бола қоймас деп ойладым. Оны сұрыптау керек дегендей. Алайда біздің шаруашылық барлық жұмысты тыңғылықты атқара білді. Уақылы шикізат қағаз бумаға оралып, Германияға жеткізілді. Кейін немістердің жусанның сол қалпында, бұзылмай жеткеніне таң қалғандарын естідім. Олардың шөптері тез кеуіп, эфир майын жоғалтатын көрінеді»,-деді Сыздықов мырза.


Бүгінде компания Сыздықовқа көп мөлшерде жусан партиясын жіберу жөнінде келісімшартқа отыруды ұсынып отыр. Алайда жерді тек шөп шабуға пайдаланбақ болған ол нақты шешімін әлі де бере қойған жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!