Қазақстанда ғалымдардың 45 пайызы Алматыда жұмыс жасайды

Фотография - Қазақстанда ғалымдардың 45 пайызы Алматыда жұмыс жасайды

 Алматыда 8700 адам ғылыммен айналысады. Бұл туралы бүгін оңтүстік астанада өтіп жатқан «Жас ғалымдар: «Қазақстан-2050» стратегиясы - міндет орындалмақ!» деп аталатын пікірсайыс алаңында айтылды.

157 0

 Алматыда 8700 адам ғылыммен айналысады. Бұл туралы бүгін оңтүстік астанада өтіп жатқан «Жас ғалымдар: «Қазақстан-2050» стратегиясы - міндет орындалмақ!» деп аталатын пікірсайыс алаңында айтылды.

«Алматыда тек жоғары оқу орындарында ғана 183 мың студент білім алады. Сондай-ақ еліміздегі ғалымдардың 45 пайызы жұмыс жасайды. Олардың ішінде 700-ге жуық ғылым докторлары мен 1400-дей ғылым кандидаттары ғылыми жобалармен айналысады», - дейді қалалық жастар саясаты басқармасының  бастығы, саясаттану PhD докторы Санжар Боқаев. Оның айтуынша, әкімдіктің жанынан ғалымдардың бастамасымен Инновациялық жаңа технологиялар бойынша ғылыми кеңес құрылып, жұмыс жасауда. Оның құрамына жоғары оқу орындарының басшылары, әйгілі ғалымдар мен көрнекті сарапшылар кіріп отыр.

Жалпы әлемнің дамыған елдерінің көпшілігінде ғылыми жасалымдарда университеттердің рөлі өте жоғары. Өзінің толыққанды ғылыми кешені бар университеттер тек мамандар дайындап қоймай, қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Заманауи тәжірибе ғылым мен өндіріс тиімді ұштастырылған жерде ғана айтарлықтай жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын көрсетіп отыр. Мәселен, Оксфорд университеті жылдық кірісі 5 млн. доллардан асатын ғылыми кәсіпорынмен жұмыс жасайды.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!