Түркістанда күн сәулесінен қуат алатын көлік жасалды

Фотография - Түркістанда күн сәулесінен қуат алатын көлік жасалды

Сатылмыш Чайыр күн сәулесінен қуат алатын көлік ойлап тапты

200 0

Сатылмыш Чайыр күн сәулесінен қуат алатын көлік ойлап тапты,

деп хабарлады 24 кз.

Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік универститетіне қарасты арнайы мамандандыру орталығында дәріс береді. Жеңіл көлікті шәкірттерімен бірлесіп құрастырып шыққан. Экологиялық жағынан тиімді көлікке пантент алған. Күн көзінен қуат алатын батареяның күшімен жүретін  көлік - өнертапқыштың екінші туындысы. Ол бұған дейін шағын машина жасаған. Екі көліктің де қаңқасын түрлі қалдық бөлшектерден құрастырыпты. Үш аяқты машинаның құрылымы өте қарапайым. Жеңіл көліктің төбесіне қойған батареяны Қытайдан әкелген. Электр жүйесін электроникадан дәріс беретін мұғалімдермен бірігіп жасаған.

  «Бұл жабылған бірінші машина. Бұл әлі көлік үлгісі. Көреміз қалай болатынын. Астанада жаңа зауыт ашылды. Бұрын күн көзінен қуат алатын батареялар Қазақстанда жасалмайтын. Енді элементтерді Астана мен Алматыдан аламыз»,-дейді Сатылмыш Чайыр,

Шағын көлік сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Сонымен қатар жол бойы аккумуляторына электр энергиясын да жинайды. Күннің көзін бұлт жауып тұрса немесе түнде сапарға шықсаңыз, онда батарея қуаты жүз шақырымға жетеді. Тіпті, қондырғыны үйдегі электр энергиясынан да қуаттап алуға да болады.

Өнертапқыш шәкірттерімен бірлесіп тағы да бірнеше жоба жасауды көздеп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!