Таңертеңгі «5 минуттық» ұйқының зияны көп

Фотография - Таңертеңгі «5 минуттық» ұйқының зияны көп

Көпшілік жан әдетте таңертеңгі ұйқысын қимай, төсекте тағы 5 минут жата тұрғанды жөн көреді. Алайда, ғалымдар мұның денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретінін айтып, дабыл қағып отыр

210 0

Көпшілік жан әдетте таңертеңгі ұйқысын қимай, төсекте тағы 5 минут жата тұрғанды жөн көреді. Алайда, ғалымдар мұның денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретінін айтып, дабыл қағып отыр.

Айтуларынша, адам ағзасы ұйқыдан оянардан бір сағат бұрын дайындалады екен: дененің температурасы көтеріліп, ми терең ұйқыдан шыға бастайды. Сонымен қатар, таңертеңмен денеге күш беретін ағзада дофамин заты өңделеді екен.

Ал, ұйқыны 5 минутқа әрі қарай созудың салдарынан аталған процестер майда бөліктерге бөлініп кететін көрінеді. Нәтижесінде, ағзаның қалыпты жұмысы бұзылып, адам күні бойы өзін шаршаңқы сезінеді. Себебі, төсекте өткізген 5 минуттық артық демалыс миды қайта терең ұйқыға тартады екен. Ал, осы сәттегі сағат қоңырауының үні ұйқыға қайта кеткен адамды мүлдем теңселтіп тастайды. Сол үшін ғалымдар төсектен уақытылы тұрып кетуге кеңес беріп отыр. Бірнеше бөлікке бөлінген ұйқының денсаулыққа келтіретін залалы көп дейді олар.

Мамандар ең бастысы ұйқының кестесін түзіп, сол кестемен жүру керектігін де айтып отыр. Дер кезінде төсекке жатып, күнделікті бір уақытта ояну – адам ағзасына үлкен күш беретін көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!