Yahoo 17 жастағы студентке iPhone қосымшасы үшін 30 млн. доллар төледі

Фотография - Yahoo 17 жастағы студентке iPhone қосымшасы үшін 30 млн. доллар төледі

Американдық Yahoo Inc. интернет-компаниясы 17 жастағы студент Ник Д'Алоисио ойлап тапқан Summly ұялы телефон қосымшасын 30 млн. долларға сатып алды.

170 0

Американдық Yahoo Inc. интернет-компаниясы 17 жастағы студент Ник Д'Алоисио ойлап тапқан Summly ұялы телефон қосымшасын 30 млн. долларға сатып алды.

Summly қосымшасы iPhone-да қолданылады және жаңалықтарды 400 белгіге дейін ықшамдауға, сондай-ақ оларды ыңғайлы күйде ашуға мүмкіндік береді.

Н.Д'Алоисио компьютерлік жүйенің кодировкасын 12 жасында үйренді. Осыдан кейін ол қосымшаларды ойлап таба бастаған, оның қатарында Facemood - Facebook қолданушыларының көңіл-күйін анықтайтын сервис, сондай-ақ музыканы әп-сәтте табуға мүмкіндік беретін SongStumblr сервисі де бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!