Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне 20 грант бөлді (фото)

Фотография - Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне 20 грант бөлді (фото)

Кеше Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде (ЖМСМ) ашық есік күні өтті.

210 0

Кеше Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде (ЖМСМ) ашық есік күні өтті. Бұл Мектеп әлемдік рейтингте жетекші орындардың бірінде тұрған Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атн. Мемлекеттік саясат мектебімен (ЛКЮ) тығыз байланыста.

Елдегі элиталық саналатын осы оқу ордасы туралы білуге қызығушылық танытқандардың алдында Назарбаев университетінің провосты Саймон Джонс, Мектептің Қауымдастырылған профессоры Питер Хауи, Сингапурдың ЛКЮ мектебінің бұрынғы вице-деканы профессор Эдуардо Арарал сөз сөйледі. Барлық келушілерге ЖМСМ-нің екі жылдық магистратура бағдарламасы, оқуға түсу шарттары мен талаптары, оқу бағдарламасы жөнінде толымды ақпарат берілді.

ЖМСМ атқарушы директоры Әлжан Бралиевтің айтуынша, мұнда оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекет қаражатына жүргізіледі. Талапкерлер мемлекеттік органдарда, әлеуметтік, халықаралық ұйымдарда немесе мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайтын ұлттық және шетелдік компанияларда жұмыс істеген болуы керек. Биылғы оқу жылына 20 мемлекеттік грант бөлініп отыр екен.

«Магистранттар екі жыл оқиды. Оқу тек ағылшын тілінде. Бірінші жылы теорияға үлкен көңіл бөлінеді. Екінші оқу жылында тәжірибеге басымдық беріледі. Оқу бағдарламасы – Сингапур ЛЮК мектебінің таза көшірмесі емес, оның Орта Азия, соның ішінде Қазақстан жағдайна оңтайландырып жасаған жаңа құжат. Мемлекеттік саясаттағы мәселелерді оқыту процесі Сингапур тәжірибесінде қазақстандық нақтылыққа қарай жетілдіріліп, таразыланып отыратын болады. Мұнда білім алудың аса бір артықшылығы ретінде Сингапур ЛКЮ мектебінің үздік оқытушылары да дәріс беретінін айта кетсек болады. Сондай-ақ студенттер Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы академиктері мен профессорларынан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен лекция тыңдау мүмкіншілігіне ие болады. Студенттер 16 пән бойынша дәріс алады», – деді Питер Хауи.

Айта кетерлік жайт, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің оқытушылар дәріс берумен қатар Қазақстанның мемлекеттік саясаты саласында зерттеу жүргізеді. Осылайша ғылыми зерттеулер магистранттармен бірге талқыланатын болады. Мұнымен қатар магистранттар әлемнің қоғамдық қайраткерлері, саясаткерлер, академиктермен кездесіп, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болмақ.

Қазіргі уақытта Жоғары мемлекеттік саясат мектебі магистратураға өтініштерді қабылдап жатыр. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жүргізіледі. Ал оқу тамыз айында басталады деп жоспарланып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!