«Протон-М» зымыраны мексикалық байланыс спутнигін орбитаға шығарды

Фотография - «Протон-М» зымыраны мексикалық байланыс спутнигін орбитаға шығарды

Бұл туралы Росғарыш өкілдері мәлімдеді

209 0

Байқоңырдан ұшырылуы 27 наурызда Астана уақытымен сағат 01.06-ға белгіленген ресейлік «Протон-М»  ғарыштық бағыттағы зымыраны мексикалық байланыс спутнигі «СатМекс-8» аппаратын орбитаға шығарды. Бұл туралы Росғарыш өкілдері мәлімдеді.

Аталған мекеменің мәліметінше, "Бриз-М" екпінді блогынан ғарыш аппаратының бөлінуі іске асырылып, ғарыш аппараты тапсырыс берушінің басқаруына тапсырылды.

Айта кетейік, бастапқыда"Бриз-М"  екпінді болгы мен «СатМекс-8»  спутнигі бар  "Протонды" ұшыру 2012 жылдың 27 желтоқсанына жоспарланған еді. Алайда, ресейлік спутникті іске қосу кезіндегі проблемалардың кесірінен кейінге қалдырылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!