Тынық мұхиттағы аса ауқымды қоқыс «аралы» ғалымдарды дүрліктіріп отыр

Фотография - Тынық мұхиттағы аса ауқымды қоқыс «аралы» ғалымдарды дүрліктіріп отыр

Құрлықтан шы­ғарылған қоқыс қалдықтары мұнда теңіз ағыс­тары­мен ағып келуде.

550 0

 Адам баласының тұтынушылық сұраныс­ы­­ның еселеп артуы, индустриялық прогресс, табиғатты ашкөздікпен пайдаланудың салдары ауаға ғана емес, Тынық мұхитта кө­ле­мі бірнеше млн шаршы шақырымға қоқыс «аралының» түзілуіне алып келгенін ғалым­дар дабыл қағып айтуда. Құрлықтан шы­ғарылған қоқыс қалдықтары мұнда теңіз ағыс­тары­мен ағып келуде.

«Алаш айнасы» басылымының жазуынша, оның көлемі шамамен 700 мыңнан 15 млн шаршы шақырымға дейін жетеді, яғни бұл Тынық мұхиттың 0,41 пайызынан 8,1 пайызын құрайды деген сөз. Бұл АҚШ-тың немесе Австралия материгінің көлем­і­нен асып түседі. Мұхитқа тасталатын плас­ти­калық токсикалық қалдықтардың ке­сірі­нен жылына миллионнан астам құс, 100 мыңдай теңіз сүтқоректілері өлім-жітім­ге ұшырайды. Адам баласы дер кезінде осы қалдықтарды залалсыздандырмаса, орны тол­мас апат әкелуі мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!