АҚШ ғалымдары "көрінбейтін" плащ ойлап тапты

Фотография - АҚШ ғалымдары "көрінбейтін" плащ ойлап тапты

Техас Университетінің ғалымдар тобы өздерінің "көрінбейтін" плащ ойлап тапқандықтарын мәлімдеп отыр.

234 0

Техас Университетінің ғалымдар тобы өздерінің "көрінбейтін" плащ ойлап тапқандықтарын мәлімдеп отыр. Айтуларынша, оның материалы "метаэкран" деген материядан тұрады. Ал, "метаэкранның" өзі болса күлгін жұқа мыс және поликарбонат пленкасының тоқымасынан тұратын көрінеді.

Аталған материалмен беті жабылған заттар осылайша мөлдір түске ауысады. Бұл жайында "Нью Джорнал" журналы мәлімдеп отыр. Тіпті материя толқындары заттың ішіне дейін еніп, оның арғы жағында не тұрғандығын көрсетеді екен. Инженерлер бүгінде бұл жаңалықты ең басты оқиғалардың біріне балады.

Ғалымдар биіктігі 18 сантиметр болатын темір цилиндрді тәжірибеден өткізді. Айтуларынша, материал әзірге тек шағын заттарды ғана көзден ғайып ете алады. Ал, адамды "жоқ қылып жіберетін" плащ алдағы уақытта пайда болады дейді олар.

Зерттеу жүргізген мамандар аталған материалдың болашақта әскери салада үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді.


Тегтер:

өркениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!