"Союз ТМА-08М" кемесі ғарыш станциясымен түйісті

Фотография - "Союз ТМА-08М" кемесі ғарыш станциясымен түйісті

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз ТМА-08М" ғарыш кемесін тіркеген "Союз-ФГ" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйісті.

152 0

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз ТМА-08М" ғарыш кемесін тіркеген "Союз-ФГ" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйісті деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі. "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарышқа 29 наурызға қараған түні ұшырылған еді.

Ғарыш станциясына "Роскосмостың" ғарышкерлері Павел Виноградов пен Александр Мисуркин және НАСА астронавты Кристофер Кэссиди ұшырылған.

Жаңа экспедиция ғарыш станциясына бірінші рет алты сағаттық жолмен жеткен. Бұған дейін ұшырылған "Союз" кемелері екі тәуліктік жолмен ұшырылып келген еді. Экспедиция станцияда 168 тәулік болады деп жоспарланып отыр.


Тегтер:

ракета

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!