Facebook пен НТС бірігіп смартфон шығармақ

Фотография - Facebook пен НТС бірігіп смартфон шығармақ

Смартфон әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желінің қолданушыларына арналған

115 0

Смартфон әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желінің қолданушыларына арналған.

Аппарат ұзынқұлақтың айтуы бойынша, Facebook штаб-пәтерінде 4 сәуір күні баспасөз конференцияда таныстырылмақ. Журналистерге шақырту да жасалып қойыпты.

TechCrunch агенттігі бұл презентацияда біздің айтып отырған модельді таныстырады деген сенім білдірген. Android бағдарламасының операциялық жүйесінде Facebook қабырғасы болады: экранда қолданушының лентасы мен Facebook Messenger чаты және суреттер автоматты түрде әлеуметтік желіге қосылатын болады.

Модель туралы ақпаратты 9to5Google блогы нақтылап жазыпты. Онда аппараттың iPhone-ға ұқсайтыны жазылған. Оның бетінде бір емес, бірнеше батырма болады: Бірі Facebook әлеуметтік желісіне тікелей апара қоятын қызмет атқарады. Apple аппаратындай бұл нұсқаның да айналасы дөңгеленген пішінде.

Facebook смарфтоны туралы өсек интернетте талай айтылып жүр, бірақ осы күнге дейін ешбір дәлелді ақпарат таралмаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!