Қазақстан вирус «жұқтырған» компьютерлері көп бес елдің қатарында

Фотография - Қазақстан вирус «жұқтырған» компьютерлері көп бес елдің қатарында

Әлемде 50 миллионға жуық компьютер зиянды бағдарламалармен зақымданған

198 0

Әлемде 50 миллионға жуық компьютер зиянды бағдарламалармен зақымданған, деп хабарлады «Каспер зертханасы».

Бұл мәселе Windows операциялық жүйесі базасының құрылғыларына қатысты болып отыр. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, вирусқа қарсы бағдарламалар орнатылса да компьютерлердің шамамен 5 пайызы вируспен зақымданған, ал «қорғалмаған» құрылғылардың ішінде оның үлесі 13 пайызды құрады.

Мамандардың деректеріне сүйенсек, әлемде 1,5-2 млрд. дербес компьютер бар екен және оның үштен екі бөлігі үйде немесе шағын компанияларда пайдаланылады. Атап айтқанда, құрылғылардың дәл осы бөлігі вируспен зақымдануға жақын тұрады.

Вирус «жұқтырған» дербес компьютерлердің елеулі бөлігі Ресейде, Украинада, Беларусьта, Қазақстанда және Түркияда анықталды. Сонымен қатар, бұл тұрғыда Индонезия, Таиланд, Филиппин, Вьетнам, Үндістан мен Мысырдағы жағдай да мәз емес көрінеді. Ал компьютерлері вируспен ең аз зақымданған елдердің қатарында Германия, Австрия, Швейцария, сондай-ақ Чехия бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!