Google компаниясы YouTube пайдаланушыларын «алдады»

Фотография - Google компаниясы YouTube пайдаланушыларын «алдады»

Ол 1 сәуірден бастап 2023 жылға дейін YouTube порталының «жабылатыны» туралы хабарлап, әзілдеді

422 0

Ол 1 сәуірден бастап 2023 жылға дейін YouTube порталының «жабылатыны» туралы хабарлап, әзілдеді.

«1 сәуірде түн ортасында YouTube порталы жұмысын тоқтатады. Бұл мамандардың келесі он жыл ішінде каналдың ашылған күнінен бастап орналастырылған үздік видеоның авторын анықтау үшін жасалады», - деп хабарлады компаниядан.

Акция 1 сәуірде басталады. Google хабарлағандай, акция барысын тікелей эфирде бақылауға болады. Алғашқы 12 сағатта трансляция Лос-Анджелестегі YouTube өкілдігінен көрсетілетін болады. Барлық видеоны көруге он жылдай уақыт кетеді. Жеңімпазға MP3-плеер мен 500 доллар көлемінде стипендия беріледі. Және акция ұйымдастырушылары бұл шарадан кейін порталдағы видеоның барлығы өшіріледі деп хабарлады. Әрине, бұның барлығы бірінші сәуірге арналған әзіл болып шықты.

Қазіргі таңда каналдың аудиториясы 1 миллиард адамды құрайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!