Археологтар Түркияда тозақтың есігін тапты

Фотография - Археологтар Түркияда тозақтың есігін тапты

Ол, сондай-ақ, Плутон қақпасы деп те аталады

285 0

Итальяндық археологтар экспедициясы Түркияның оңтүстік-батысында өлілер мекеніне апаратын есікті тапты. Ол, сондай-ақ, Плутон қақпасы деп те аталады.


Плутон қақпасы (Ежелгі Рим мифологиясында өлілер әлемінің билеушісі) өлілер патшалығына апаратын жол саналады. Бұрынғы адамдар бұл орынды улы ауа жайлаған үңгір ретінде суреттейді. «Ол жердің кеңестігі қол созым жер көрінбейтін тұманды болады. Оның ішіне кірген кез-келген тіршілік иесі бірден өліп кетеді. Мен оның ішіне торғайлардың бірнешеуін жібергем, олар бірден жан-тәсілім етті»,– дейді ежелгі грек тарихшысы Страбон.

Бүгінгі күні Плутон қақпасынан ғибадатхананың қирандысы, бассейіннің орны, баспалдақ тұқылы ғана қалған. «Жұрт діни рәсімдерді осы баспалдақтарда тұрып көретін болған, қақпаға жоламаған»,– деп түсіндірді итальяндық археолог.

Бұл жаңалық Стамбұлда жария етілді. Саленто Франческо д'Андрия университетінің археологтары «тозақ қақпасына» ежелгі Иераполис қаласының сілемдерін іздеп жүріп кез болған. Бір кереметі, нақ Страбон айтқандай, қақпаға жақын ұшып барған бірнеше торғай ғалымдардың көзінше жалп-жалп ете түсіп, өліп кетіпті.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!