Балық өнімдері ұзақ өмір сыйлайды

Фотография - Балық өнімдері ұзақ өмір сыйлайды

Балық пен теңіз өнімдерін жейтін қариялар өзгелерге қарағанда екі жылға артық өмір сүреді. Гарвард университетінің ғалымдары балық майы қышқылының ұзақ жасауға себеп болатынын дәлелдеді

211 0

Балық пен теңіз өнімдерін жейтін қариялар өзгелерге қарағанда екі жылға артық өмір сүреді. Гарвард университетінің ғалымдары балық майы қышқылының ұзақ жасауға себеп болатынын дәлелдеді.

«РИА Новостидің» хабар­лауынша, ғалым Дариуш Мозаф­фарян бастаған зерттеу тобы жасы 65-тен асқан 3000 амери­калықтың денсаулығын 16 жыл бойы бақылаған. Жоба аясында қариялардың әлеуметтік-меди­циналық көрсеткіштері, жүрек аурулары мен содан болатын өлім-жітімнің себептері талданды. Бақылауға алынған топ балық пен теңіз өнімдерін тұтынуына қарай екіге бөлінді: қанында омега-3 майлы қышқылы көп адамдар және қанында мұндай қышқыл аздар. Зерттеудің нәтижесінде үнемі балық жейтін қариялардың инсульт пен инфарктке өзгелерге қарағанда 35%-ға аз ұшырағаны белгілі болды. Орташа есеппен алғанда, мұндай қарттар басқа замандастарынан 2,2 жылға ұзақ өмір сүреді. Сол себепті гар­вардтық мамандар егде кісілерге аптасына кемінде екі рет майлы балық жеуге кеңес береді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!