Facebook-те вирус таралуда

Фотография - Facebook-те вирус таралуда

Facebook әлеуметтік желісін жасаушылар желіде тараған компьютер вирусымен күресіп жатыр

221 0

Facebook әлеуметтік желісін жасаушылар желіде тараған компьютер вирусымен күресіп жатыр.

Вирустың зиянды сілтемелер жазылған хабарламаларды тарататыны белгілі болды. Ең қызығы, хабарламада қолданушы достарының есімдері аталып, бұл оның тіптен тез таралуына әкеліп отыр. Егер әлеуметтік желі қолданушылары сілтемені басса, олардың компьютерлері бірден қауіпті вирусты жұқтырып қалады екен.


Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар осындай сілтемелерді көргенде, ойланбастан хабарламаны өшіріп, достарына мәселеге қатысты ескерту жасауларын сұрады. Компьютерде вирустердің бар-жоғын антивирус бағдарламасымен тексеріп, мүмкіндігінше желідегі парақшасының құпия сөзін өзгертуге кеңес берді.


Facebook миллиардтан астам қолданушылары бар әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі болып табылады.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!