«Сыныптастар» әлеуметтік желісі жұмысын тоқтатты

Фотография - «Сыныптастар» әлеуметтік желісі жұмысын тоқтатты

Ресейлік танымал әлеуметтік желілердің бірі - «Сыныптастар» («Одноклассники») 4 сәуірдің кешінен бастап жұмысын тоқтатты

1405 0

Ресейлік танымал әлеуметтік желілердің бірі - «Сыныптастар» («Одноклассники») 4 сәуірдің кешінен бастап жұмысын тоқтатты.

Шамамен кешкі 9-дан бастап  әлеуметтік желі қолжетімсіз болды. Пайдаланушыларға техникалық жұмыстар туралы хабарландыру шығып отырды. Бұл жайында РосБизнесКонсалтинг мәлімдеді.

Кейін «Сыныптастардың» баспасөз хатшысы Мария Лапук өзінің твиттердегі парақшасында ресурстың істен шығуына құрал-жабдықтардағы ақау себеп болғанын жазды. М.Лапук сондай-ақ серверге DDoS шабуыл жасалғаны туралы болжамды теріске шығарды.

Бірнеше күн бұрын Ростелеком ғаламтор-провайдерінің бастамасымен «Сыныптастар» желісі Рязань және Орлов облыстарында жабылғаны жайында хабарланды. Мәселен, сайтты ашу барысында соттың ресурсты экстремистік деп тануына байланысты оның жабылғандығы туралы хабарланып отырды.  Ростелекомда аталмыш жағдайды бағдарламалық ақау ретінде түсіндірді.

«Сыныптастар» ресейлік әлеуметтік желілер арасында ең ірілердің бірі ретінде саналады. Оның 150 млн.-ға жуық пайдаланушысы бар. Күнделікті сайтпен 40 млн. адам қолданады.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!