Apple жаңа жобасына әуен жүктеу үшін әлемдік музыка алпауыттарымен келісті

Фотография - Apple жаңа жобасына әуен жүктеу үшін әлемдік музыка алпауыттарымен келісті

Компания музыка саудалаушылармен әрбір композицияның орындалуы үшін басқа осыған ұқсас қызметтерінде ұсынылған бағадан төменге келіскен

330 0

Бірнеше ірі басылымдардың сенімді дерекөздеріне сүйене отырып, Apple өзінің жаңа iRadio атты жобасына әуен жүктеу үшін Warner Music және Universal Music Group секілді ірі музыка таратушылармен келісімге келді.

Компания музыка саудалаушылармен әрбір композицияның орындалуы үшін басқа осыған ұқсас қызметтерінде ұсынылған бағадан төменге келіскен, деп жазады CNET басылымы.

Келісімге келудің ресми күні жарияланбаса да, дерек көздері Apple iRadio жобасы биыл жазда іске қосылуы мүмкін деп болжап отыр. Бүкіл құқықтық құжаттар келесі айда аяқталуы мүмкін.

iRadio жобасында пайдаланушылар музыка тыңдап қана қоймай, түрлі композияцияны өзі таңдай алады.

 

bnews.kz сайтынан

 


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!