Әйелдердің семіруі қызметіне байланысты

Фотография - Әйелдердің семіруі қызметіне байланысты

Кеңсе қызметінде түнгі уақытқа дейін қалып жұмыс істейтін әйелдер артық салмақ жинауға бейім келеді. 

217 0

Кеңсе қызметінде түнгі уақытқа дейін қалып жұмыс істейтін әйелдер артық салмақ жинауға бейім келеді.

Австралиядағы Монаш университетінің жанындағы Медициналық экономика орталығының қызметкері Николь Аудың айтуынша, әйелдердің семіріп кетуі – өмір сүру қалпын дұрыс сақтамауынан болатын құбылыс. Күні бойы уақытын кеңседе өткізетін нәзік жандылар өзідігімен тамақ істеп жеуге уақыты болмай, көп жағдайда Фастфудпен қоректенеді. Оның үстіне, уақыттың тығыздығы дене жаттығуларын жасауға да мүмкіндік бермейді.

Зерттеу барысында белгілі болғандай, аптасына 48 сағаттан көп жұмыс істейтін әйелдер темекіні де көп шегеді екен. Сонымен қатар, олар спирттік ішімдікке де құмар болып келеді. Аталған зерттеуге қоғамның түрлі салаларында қызмет істейтін мыңдаған әйел қатысқан. Оның нәтижесінде қатысушы әйелдердің жартысынан көбі артық салмақ жинаса, үштен бір бөлігі керісінше – аза түскен. 


Тегтер:

ғылым

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!