Білге қағанның бітіктасы

Фотография - Білге қағанның бітіктасы

Білге қаған 717-734 жылдар аралығында түркі халқының көсемі болды

300 0

Білге қаған 717-734 жылдар аралығында түркі халқының көсемі болды. Ол Орхон өзенінің бойында Өтекен жерінде 683 жылы дүниеге келген. Әкесі Құтлық (Елтеріс) қаған, шешесі Елбілге қатын. Білге қаған інісі Күлтегін екеуі халық үшін жан аямай күресіп, сол замандардағы аса қуатты көшпенділер империясын құрды.

Білге 9 жасқа толғанда әкесі қайтыс болады. Сөйтіп Құтлықтың тағын інісі Қабаған иеленеді (692-716 жж). Білге таққа Қабағанның інісі Богудан кейін отырды және 19 жыл ел басқарды. 13 жасында шад атағын алды. 17 жасында жорықта таңғұттарды, 18 жасында чубтарды, табғаштарды(қытай), тұтықтарды жеңді. Осыдан кейін қырғыздарды, түргештерді, қарлықтарды, тоғыз оғыздарды және басқа да халықтарды тізе бүктірді.

Білге қағанның құрметіне орай орнатылған бітіктас ескерткіші Орхон өзенінің солтүстік бетінде ежелгі Қарақорым қаласынан 45 шақырым, бүгінгі Моңғолия астанасы Ұлан-Батордан оңтүстік-батысқа қарай 400 шақырым жерде орналасқан.

Қазіргі күні стела қоймада сақтаулы. Уақыттың әсерінен бөлініп қалған үш бөлігі өзара жабыстырылып, арнайы қондырғыға орнатылған. Ал ескерткіштің тас тасбақа, статуя және басқа да құрамдас бөліктері қоймада жеке сақтаулы. Моңғолияның ұлттық тарихи мұражайында Білге қағанның және оның қатынының мүсіні сақталған. Сондай-ақ ескерткіштер табылған орында тағы бір төртбұрышты тұғыр жатыр. Оның ескерткіші қайда кеткені әзірге ғылымға белгісіз.

Дәулетқали Асауов


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!