Семіздіктен 5-10 жылда құтыламыз

Фотография - Семіздіктен 5-10 жылда құтыламыз

Шығыс Англия Университетінің ғалымдары семіздіктен құтылу мәселесі алдағы 5-10 жыл көлемінде шешіліп қалатындығын айтып отыр.

148 0

Шығыс Англия Университетінің ғалымдары семіздіктен құтылу мәселесі алдағы 5-10 жыл көлемінде шешіліп қалатындығын айтып отыр.

Олардың пікірінше, проблеманы шешуге мидағы гипоталамус нейроны көмектесуі тиіс. Бұл нейрон адамның ұйқысын, көңіл-күйін, тәбетін, шөлін, күш жұмсауын қадағалап отырады. Зерттеу жұмысының авторы доктор Мұхаммад Хаджихосейнидің айтуынша, гипоталамустағы нейрондарының жұмыс істеу дағдысы бұзылған сәтте адам ағзасындағы ас қорыту процесі де бұзылады екен.

Бұдан бұрын жүргізілген зерттеулерде мидағы жүйке жасушалары адам анасының құрсағында жатқан кезінде түзіліп қояды және оны өзгерту мүмкін емес деп айтылып келген болатын. Алайда, британдық ғалымдар тышқандарға жүргізген эксперимент барысында гипотоламус нейрондарын түзе алатын жаңа жасушалардың барын анықтады.

Енді Хаджихоссейни алдағы уақытта адамның жүйке жүйесін басқаруға болады дегенді айтып отыр. Ал, осының арқасында ас қорыту ауруларына да төтеп беруге болады дейді ол.

Жақын күндері ғалымдар осы зерттеулерді негізге ала отырып, жаңа дәрі түрін ойлап таппақшы. Оны ішкен адамның ас қорыту процесі ретке келіп, тәбеті тым қатты ашылып кетпейді. 


Тегтер:

ғылым

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!