Қазақстанда KazSat-3 байланыс жерсерігін жасау жұмысы қарқынды жүргізілуде

Фотография - Қазақстанда KazSat-3 байланыс жерсерігін жасау жұмысы қарқынды жүргізілуде

Қазақстанда KazSat-3 байланыс жерсерігін құру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр

250 0

Қазақстанда KazSat-3 байланыс жерсерігін құру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде бүгін тұңғыш жерді қашықтықтан зондтау жерсерігін ұшыруға арналған халықаралық семинар барысында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

«KazSat-2 байланыс жерсерігі жасалып, іске қосылды. Қазіргі уақытта KazSat-3 жерсерігін құру бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр», - деді Талғат Мұсабаев.

KazSat-3 ғарыш аппараты «Экспресс-1000НTB» платформасының базасында салынады. Жаңа жерсеріктің модулін Thales Alenia Space еуропалық компаниясы әзірлейді.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!