Қытай құс тұмауына қарсы вакцина ойлап таппақ

Фотография - Қытай құс тұмауына қарсы вакцина ойлап таппақ

Қытай алдағы жеті ай көлемінде H7N9 құс тұмауына қарсы вакцина ойлап табуды жоспарлап отыр

196 0

Қытай алдағы жеті ай көлемінде H7N9 құс тұмауына қарсы вакцина ойлап табуды жоспарлап отыр. Бұл жайында ҚХР-ның денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті мен ғылым және техника министрлігі бірлесе әзірлеген жобаның баспасөз хабарламасында айтылған.

Соңғы 10 сәуірдегі мәлімет бойынша Қытайдағы құс тұмауын жұқтырғандардың саны 33 адамға жетті деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Олардың бүгінгі таңда тоғызы кеселден көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, елде қайта бұрқ еткен құс тұмауының жаңа түрі бұрынғысынан да аса қауіпті көрінеді.

Құс тұмауының вирусы аты айтып тұрғандай ең алдымен құстарда пайда болған. Адамға бұл індет ең алғаш осы Қытай елінде 1997 жылы жұққан болатын. Ол кезде аталған ауруға 18 адам шалдығып, олардың алтауы қайтыс болған. Мұнан кейін 2005 жылы Азия елдерінде тағы 112 адам құс тұмауымен ауырып, 64-і қайтыс болған еді. 


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!