Б. Жұмағұлов жаңа буын педагогтарын даярлайтын оқытушылармен кездесуі өтеді

Фотография - Б. Жұмағұлов жаңа буын педагогтарын даярлайтын оқытушылармен кездесуі өтеді

Бүгін Алматыдағы «Ғылым ордасында»ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың біліктілік арттыру жүйесінің педагогтарымен кездесуі өтеді. 

111 0

Бүгін Алматыдағы «Ғылым ордасында»ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың біліктілік арттыру жүйесінің педагогтарымен кездесуі өтеді.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Қазақстан педагогтарының біліктілігін әлемдік озық тәжірибе негізінде жаңа форматта арттыру  жүзеге асырылуда.

Кембридж университетінің және біліктілік арттырудың  жаңартылған оқу бағдарламалары негізінде «Өрлеу» БАҰО АҚ жүзеге асырып отырған  мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі - педагогтардың жаңа буынын қайта даярлауға бағытталған.

        2012 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ негізінде 6,5 мың педагог, 2013 жылы 10 000 жуық педагог біліктілігін арттырды.  5 жыл бойы Кембридж университетінің  жаңа бағдарламасы бойынша 120 мың қазақстандық мұғалімді қайта даярлау жоспарланған.

        Кездесу барысында біліктілікті арттырудың   көпдеңгейлі бағдарламасын меңгеружәне оны Қазақстан мектептерінің тәжірибесіне ендіру мәселелері талқыланады.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!