Қазақстан доңыз және құс тұмауына қарсы вакцина жасап шығарды

Фотография - Қазақстан доңыз және құс тұмауына қарсы вакцина жасап шығарды

Алғашқы отандық Kazfluvac және Refluvac вакциналары биологиялық мәселелер қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу орталығында жасалған.

248 0

 Қазақстан доңыз және құс тұмауына қарсы вакцина жасап шығарды. Алғашқы рет «Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығында» жаңа вирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізілді.

Алғашқы отандық Kazfluvac және Refluvac вакциналары биологиялық мәселелер қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу орталығында жасалған.

Жасалған Kazfluvac вакцинасы құс тұмауына қарсы қолданылады. Яғни, А/H5N1 жоғары патогендік тұмаудың алдын алуға арналған. Ал, Refluvac вакцинасы доңыз тұмауын тежей алады.

Қолданысқа енгізбес бұрын вакциналар Қазақстан мен Ресейде сыналған. Отандық вакциналар GMP стандартына сәйкес жасалып, биофармацевтика зауытында өндіріске шығарылады. Тұмау індеті алқымнан алса, вакцинаны өндіру Қазақстан мен Орта Азияның қажеттілігін орындауға қабілетті.

Айта кетейік, Қазақстан құс тұмауына қарсы өз вакцинасы бар 13 елдің қатарында. Республикада мемлекеттік тапсырыс бойынша құс тұмауына қарсы 7,5 млн. вакцина мөлшерін өндіру басталған. Республикамыздың төрт облысында вакцинаға өндірістік сынақ жүргізіледі.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!