Алматылық студенттер қазақша пернетақта ойлап тапты

Фотография - Алматылық студенттер қазақша пернетақта ойлап тапты

Өрелі жастар «бесінші доңғалақ» ойлап табуды мақсат тұтпаған, бар болғаны бұрынғы пернетақтаға жетіспейтін пернелерді ғана орната салған

621 0

Алматылық студенттер бір мезетте қазақша да, орысша да теруге болатын пернетақта жасап патенттеді.


Жаңа кейбордты жасаумен студенттер жарты жылдан бері айналысып келеді. Қазақ тілінде жазу жылдамдығын еселендіре түсетін өнертабыс игілігін авторлары «Ұлттық пернетақта» деп атаған. Өрелі жастар «бесінші доңғалақ» ойлап табуды мақсат тұтпаған, бар болғаны бұрынғы пернетақтаға жетіспейтін пернелерді ғана орната салған. Және қазақ әліпбиінің болашақта латынға көшу мүмкіндігін де ескерген.

«Ұлттық пернетақтаның» алғашқы партиясы мамыр айында дүкен сөрелеріне түсе бастайды. Оның құны қанша тұратыны белгісіз. Ол тестілеуден өткізілгеннен кейін ғана анықталады. Тек, бір анығы, өнертабысты жасау үшін 100 мың доллар жұмсалыпты. Жобаның жетекшісі – Данабек Қалиажаров



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!