ҰБТ бойынша 3 күн тегін тестілеу мүмкіндігі ұсынылды

Фотография - ҰБТ бойынша 3 күн тегін тестілеу мүмкіндігі ұсынылды

11 сәуір күні Алматы қаласының «Атакент» көрме орталығында, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР ЖОО қауымдастығының және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Білім және мансап» атты 14-ші қазақстандық халықаралық көрме жұмысын бастады

288 0

11 сәуір күні Алматы қаласының «Атакент» көрме орталығында, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР ЖОО қауымдастығының және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Білім және мансап» атты 14-ші қазақстандық халықаралық көрме жұмысын бастады. 

Биылғы көрмеге 20 елден 120-дан астам білім беру мекемелері қатысты. Олардың мақсаты -  қатысушыларды шет елдің жекелеген білім жүйесімен таныстыру және Қазақстанда білім алу бағдарламасының ең жақсы түрін таңдауға көмектесу.

Қазтест қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесімен,  қазақ тілін оқытудағы әдістемелік материалдармен таныстырса, ЖОО-лар білім беру жүйесіне қатысты семинарлар өткізді. Соған қоса, әлемге аты әйгілі  Educational Testing Service ағылшын тілін тестілеу орталығы да өз оқу жүйесімен хабардар етіп, ETS Global  TOEFL (Test of English as a Foreign Language) and TOEIC (Test of English for International Communication) бойынша ағылшын тілінен емтихан алды.

Ең бастысы - Ұлттық тестілеу орталығы 3 күн бойы ҰБТ бағдарламасы бойынша мектеп, лицей, колледж оқушыларына тегін тестілеу өткізуде.


Тегтер:

білім

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!