Мұсылмандарға тіл тигізген компьютерлік ойындарға тыйым салынды

Фотография - Мұсылмандарға тіл тигізген компьютерлік ойындарға тыйым салынды

Тексеру кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі дүкен сөрелерінен кейбір діни араздыққа жол берген компьютерлік ойындардың компакт-дискілері тәркіленуде. Бұл жайында «Умма-информ» ақпарат агенттігі хабар таратты

153 0

Тексеру кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі дүкен сөрелерінен кейбір діни араздыққа жол берген компьютерлік ойындардың компакт-дискілері тәркіленуде. Бұл жайында «Умма-информ» ақпарат агенттігі хабар таратты, - деп мәлімдейді Muslim.kz.

Тексеру амалдарын жүргізген Әмірліктің экономикалық даму департаментінің мұндай қадамға баруына америкалық ойындардағы қасиетті Құранға қатысты мұсылмандардың ар-намысына тиетін бейәдеп сөздер себеп болған. Аталмыш департаменттің жетекшісі Иса Мисбах әл-Фарда мұндай өнімдер сатылатын дүкендердің жабылатынын жеткізді.

Ол ата-аналарды балаларын жақсылыққа тәрбиелеуге шақырып, олардың компьютерде қандай ойын ойнайтынын тексеріп тұруға кеңес берді.

Мұнымен тоқтамаған ол Экономика министрлігіне ел аумағында осы мәселемен күрес жүргізу жөнінде ұсыныс тастады.

Бұдан былай америкалық компьютерлік осындай ойындарға Сауд Арабиясында тыйым салынатын болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!