Алматыда Орталық Азия ЖОО-лары арасындағы ең ірі ғылыми кітапхана ашылды

Фотография - Алматыда Орталық Азия ЖОО-лары арасындағы ең ірі ғылыми кітапхана ашылды

Кітапхананы салтанатты жағдайда қала әкімі Ахметжан Есімов пен университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ашты.

364 0

13 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мейрамы жаңа ғылыми кітапхананың ашылуымен атап өтілді.

Кітапхананы салтанатты жағдайда қала әкімі Ахметжан Есімов пен университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ашты.

Іс-шараға Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері, Алматыда тіркелген халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

«Бүгін заманауи жабдықталып, үлкен ғимаратта жас ғалымдарымыздың, студенттеріміздің, оқытушы-профессорларымыздың игілігіне пайдаланылуға беріліп отырған ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы - Орталық Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкені. Бұл кітапхана екі миллионнан астам кітап қорымен қамтылған», - деп атап өтті ректор.

Сондай-ақ ЖОО басшысы оқырмандарды бай кітап қорымен қауыштырып отырған жаңа кітапхана ғимаратының алғашқы кірпішін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалағанын да тілге тиек етті.

Алматы қаласының әкімі А. Есімов жаңа жылды жаңа бастамалар жасап, игі істер атқарып жатқан ҚазҰУ ұжымына алғысын білдіріп, дипломатиялық корпус өкілдеріне, шетел қонақтарына жыл басы - Наурыз басталғалы қазақ елінде игі бастамалар толы болатындығын ерекше ықыласпен жеткізді.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!