Шылымқорлар сирек алжитын болып шықты

Фотография - Шылымқорлар сирек алжитын болып шықты

 Мамандардың зерт­теуін­ше, кофе мен темекі паркинсонизмді маңайлатпайды екен.

254 0

Ресейлік неврологтер шылым шегетіндер мен кофеқұмар­ларға қатысты жағымды жаңалық ашты. Мамандардың зерт­теуін­ше, кофе мен темекі паркинсонизмді маңайлатпайды екен.

«Новости» агенттігінің ха­бар­­лауынша, Ресей медицина ғылымдары академиясы ма­ма­н­­­дары эпидемиологиялық зерт­теудің нәтижесінде ко­фе­ин­нің ақыл-ойдың тежелу қаупіне тосқауыл қоятын фактор бола алатынын дәлелдеген. Сонымен бірге темекі түтіні құрамындағы заттардың бас миы қызметін жақ­сартуға пайдасы тиетіні анық­талған. Бірақ зерттеу тобы­ның өкілі академик Николай Яхно мұны кофе мен шылымның насихаты деп түсінбеу керектігін ескертеді. Бұл екеуі ағзада қатерлі ісіктердің тууына басты себепкер ретінде қала береді. Айта кетейік, Ресейде жасы 60-тан асқандар­дың 2%-ы паркинсонизммен ауырады. Ал кофе мен шылымға әуестердің дені бұл жасқа жетпей өмірден өтіп кетіп жатады.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!