Америкалық ғалымдар егеуқұйрыққа жасанды бүйрек салды

Фотография - Америкалық ғалымдар егеуқұйрыққа жасанды бүйрек салды

Америкалық ғалымдардың егеуқұйрыққа жасанды бүйрек салып жасаған тәжірибелері сәтті аяқталды деп хабарлайды «France 24».

951 0

Америкалық ғалымдардың егеуқұйрыққа жасанды бүйрек салып жасаған тәжірибелері сәтті аяқталды деп хабарлайды «France 24».

Олардың таратқан ақпаратына сүйенсек, жасанды бүйрек жұмыс істеуге толық қабілетті көрінеді. Сондай-ақ, мамандардың пікірінше, бұл технологияны пайдалану арқылы болашақта трансплатация жасалатын органдардың тапшылығын жоюға болады. Тіпті, жүрек алмастыру және оны табу мәселелері де оңай шешілмек.

Ғалымдар тобы жасанды бүйректі алу үшін егеуқұйрықтың істен шыққан бүйрегін пайдаланған. Яғни, жарамсыз бүйрек тазартылып, коллагендік қаңқа қалпына келтіріліп,  кейіннен оған жаңа туған егеуқұйрықтың талшықтары мен адам талшықтарынан қан тамырлары жасалған.

Зерттеушілер бұл сынақ-тәжірибені жетілдіру үшін көп жылдардан бері жұмыс істегенін айтып отыр. Алайда, олар аталмыш тәжірибені іс жүзіне енгізу үшін біршама пысықтаулардың қажет екендігін де жасырмайды.


Тегтер:

медицина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!