Ең қымбат iPhone 5 он жеті млн долларға бағаланды

Фотография - Ең қымбат iPhone 5 он жеті млн долларға бағаланды

Бұл туралы The Australian Macworld мәлімдеді. 

275 0

Алтын және гауһар таспен көмкерілген әлемдегі ең қымбат iPhone 5 Ұлыбританияда жасалды. Бұл туралы The Australian Macworld мәлімдеді. 

iPhone 5 Black Diamond-тің жобасын дизайнер Стюарт Хьюз жасап шығарды. Смартфон корпусы 24 карат алтын мен 600 ақ гауһар таспен көмкерілген. Соның 53 гауһар тасы артқы жақ корпусындағы Apple логотипін салуға қолданылса, аппараттың беткі панелі сапфирден жасалған көрінеді. Ал Home батырмасының орны 26 карат қара гауһар таспен безендірілген екен.

iPhone 5 Black Diamond Қытай кәсіпкерінің тапсырысы бойынша жасалыпты. Алайда, бизнесменнің аты-жөні аталмайды. Қара гауһарды тапсырыс берушінің өзі ұсынғаны мәлім болды. Бағалы тас көптеген жылдар бойы кәсіпкер отбасының мұрасына айналған екен. Айта кету керек, қымбат смартфонды жасауға тоғыз аптаға жуық уақыт жұмсалған көрінеді.

Осындай iPhone 5-тің бағасы 17,8 млн долларды құрап отыр. Әйткенмен, CNN-нің мәліметіне қарағанда, смартфондардың бағасы 14,5 млн доллларға жуық тұрады.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!