Туғаннан жатыры жоқ 22 жастағы келіншек бала көтерді

Фотография - Туғаннан жатыры жоқ 22 жастағы келіншек бала көтерді

Бұл жайында түрік дәрігерлері хабарлады.

332 0

Түркияда алғаш рет өзгенің жатырымен бала көтерді.

Бұл жайында түрік дәрігерлері хабарлады.

Туғаннан жатыры жоқ қызға осы олқылықтың орнын толтыру үшін жасалған операция осыдан екі жыл бұрын сәтті аяқталған болатын. Ұзақ уақытқа созылған емдеу шараларынан кейін оған ана болу бақыты бұйырды.

Бұл арада осындай күрделі операцияны сәтті аяқтаған мамандардың жетістігін айтпай кетуге болмайды. Донорлық орган бөтен ағзаға сәтті қондырылған күннің өзінде әйелдің бала көтере қоюы екіталай еді.

Перзент сүю бақытына ие болған 22 жастағы Дерия Серттің жасанды жолмен ұрықтандырылғанын айта кету керек. Осылайша, ол донорлық жатырмен бала табатын алғашқы әйел болайын деп тұр.

Өткен жылы мұндай жағдай Швецияда да болған. Швед дәрігерлері екі әйелдің жатырын қыздарына салып, операцияны сәтті аяқтаған еді. Алайда, олардың бала көтергені немесе көтермегені туралы ақпарат жоқ.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!