Антарктида алапат жылдамдықпен еріп жатыр

Фотография - Антарктида алапат жылдамдықпен еріп жатыр

Австралияның ұлттық университеті мен Британия антарктикалық қызметі Антрактидада мәңгілік мұзтаулар осыдан 600 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда 10 есе жылдам еріп жатыр.

211 0

Австралияның ұлттық университеті мен Британия антарктикалық қызметі Антрактидада мәңгілік мұзтаулар осыдан 600 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда 10 есе жылдам еріп жатыр.

Джеймс Росс аралында зерттеушілер тереңдігі 364 метр шыңырау қазып, мұздың беті қабаты мен шыңырау түбіне химиялық сараптама жүргізген. Сонда кейінгі 600 жылда ауа райы Цельсия бойынша 1,6 градусқа жылығаны анықталған. Әсіресе, мұзтаулардың жылдамдата ери бастауы кейінгі 50 жылға келеді.

Ғаламдық жылынудың әсерінен жазғы маусымда Антрактиданың ауа температурасы «0» градусқа жететін болған. Ал бұл мұзтаулардың бұрынғыдан бетер тез еруіне әкеліп соғатыны сөзсіз. Ғалымдарды бұл процестің біртіндеп емес, бейберекет жүріп жатқаны да қатты алаңдатады. Естеріңізге сала кетейік, егер Антрактиданың мұз қабаты еріп кетсе, атмосфераға орасан мол мөлшерде метан таралады. Ал оның қоршаған ортаға зардаптары зор. Климаттың апаттық жағдайға ұрынатыны айтпасада түсінікті.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!