Жаңа музыка миға пайдалы

Фотография - Жаңа музыка миға пайдалы

Жаңа музыканы тыңдау миға пайдалы. Канадалық ғалымдар осылай деп мәлімдеді.

242 0

Жаңа музыканы тыңдау миға пайдалы. Канадалық ғалымдар осылай деп мәлімдеді.

Ғалымдар МР-томограммасының көмегімен жаңа әуен тыңдағанда мидың бір бөлшегі болып табылатын «рақатты сезіну орталығы» белсенді жұмыс істейтіндігін анықтаған.

Адам тыңдау арқылы неғұрлым көп рақаттанған сайын, ми қыртысындағы ядроға жақын нейрондар байланысы күшейе түсетін көрінеді.

Торонтодағы Ротман ғылыми-зерттеу институтының докторы Валори Салимпурдың айтуынша, жоғарыда аталған ядро рақаттануды сезінумен тікелей байланысты екен.

– Бірақ, музыка – абстрактілі. Бұл өзі қызық дүние. Қарның ашып тамақтануға тәбетің ашылғанда психологиялық ойың қалай ас қабылдауға бейімделсе, музыка тыңдаудағы мидың құбылысы да сол секілді түрленеді. Тіпті, басқа да тіршіліктегі кейбір құбылыстарда ми қыртысы белсенді жұмыс істейді. Мысалы, ақшаға құмарлық пен нәпсінің қозуы секілді сәттерде белсенділік айқын сезіледі» дейді ол.

Дегенмен, бұлардың арасында жаңа музыка тыңдаудың әсері ең күштісі болып шыққан. Ал зерттеу жұмыстарына 19 ерікті қатысып, осындай нәтижелерге қол жеткізіліпті.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!