Америкалық ғалымдар термоядролық қозғалтқыш жасап шығармақ

Фотография - Америкалық ғалымдар термоядролық қозғалтқыш жасап шығармақ

 Ғалымдардың бастамасына НАСА америкалық әуе-ғарыш агенттігі әзірден қызығушылық танытуда.

185 0

Вашингтон және Редмонд университеттерінің физик ғалымдары жерден Марсқа дейінгі ара-қашықтықты 3 айда жүріп өтетін аса қуатты термоядролық қозғалтқышты жасап шығармақшы.

Олардың айтуынша, аталмыш құрылғының жұмыс істеу принципі плутоний атомы секілді ауыр атомдардың ажыратылуымен тікелей байланысты болады. Мұндай технология әдетте электр стансаларында бөлшектену реакциясы барысында қолданылады. Қазіргі таңда ғарыш саласында кеңінен пайдаланылып жүрген химиялық зымыранды қозғалтқыштар ғарыш әлемін зерттеу мақсатында алға қойылған жоспарларды жүзеге асыруға пәрменсіз дейді ғалымдар. Олар осы термоядролық қозғалтқыштың арқасында зымырандардың мүмкіндігі бірнеше есеге артатынына сенімді. Әзірге зерттеушілер құрылғының кішігірім нұсқасын жинап жатыр. Ғалымдардың бастамасына НАСА америкалық әуе-ғарыш агенттігі әзірден қызығушылық танытуда.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!