Картоп қант диабетін тудырады

Фотография - Картоп қант диабетін тудырады

Қант сусамырынан арылудың бір жолы – суды көп мөлшерде қолдану. Ал аурудың алдын алу үшін картопты аз жегеніңіз абзал.

298 0

Қант сусамырынан арылудың бір жолы – суды көп мөлшерде қолдану. Ал аурудың алдын алу үшін картопты аз жегеніңіз абзал.

Қант диабеті – бүкіл әлем елде­рінде күрделі мә­се­леге айналған ауру­дың бір түрі. Тіпті оның тұқым­қуа­лау­шы­лық қасиеті де бар. Ресейлік ға­лым­дардың ай­туынша, егер отба­сын­да ең жақын адамдардың ара­сында қант диабетіне шал­дық­қандар болса, өзге от­басы мүшелерінің ауру­дың ал­дын алуды ойластырғаны жөн. Sobesednik.ru интернет порталының хабарлауынша, шетелдік дәрігерлер бұл дерттен айығудың үш жолын тап­қан. Біріншіден, қантты тым аз мөл­­шерде қолданып, күн сайын 2 – 2,5 литр су ішу керек. Екіншіден, орам­­жа­­пырақ, сарымсақ, қы­за­нақ, асқабақ жә­не кәді сын­ды көкөністерден жасал­ған та­ғамдарды көп пайдалану ке­рек. Ал картоптан мүлде бас тартқан дұрыс. Тағамға май­ды көп қолдану да қант диа­­бетінің пайда болуына әкеп соқ­тыруы мүмкін. Үшін­­шіден, дене жа­ра­қат­тарын алғаннан кейін бірден ем­делу қажет. Себебі денені ұрып-соғудан ағза жасу­ша­лар тобының бұзылуы мен психикалық ауытқулар да қант диабетін тудырушы не­гіз­гі факторлар екені анық­та­лып отыр.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!