Қазақстан студенттері «Шолпан» есімді робот жасады

Фотография - Қазақстан студенттері «Шолпан» есімді робот жасады

Қазақстандағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері Шолпан есімді робот-гидті жасап шығарды.

259 0

Қазақстандағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері Шолпан есімді робот-гидті жасап шығарды.

Өнертабыс 21 мен 22 мамыр аралығында өтетін VI Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылатын ASTEX-2013 жаңа технологиялар көрмесіне арналып жасалды.

Студенттер жасаған робот сөйлей алады, басын қимылдатады, жымияды, эмоцияларды қайталай біледі.

Айта кету керек, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі және ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қоры ASTEX-2013 көрмесінің ұйымдастырушылары болып табылады.

Ең үздік инновациялық жобалар ұйымдастырушылар тарапынан 50 мың АҚШ долларға дейін гранттар алу мүмкіндігіне ие бола алады.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!