Оқушы қыз зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты

Фотография - Оқушы қыз зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты

Атырау техникалық гимназиясының оқушылары Гауһар Зәйденова мен Аяжан Жолдасқали Байқоңырда өткен ғарышты зерттеу бойынша IX Халықаралық ғылыми жарысқа қатысып, сыйлықтарға ие болды.

155 0

 Атырау техникалық гимназиясының оқушылары Гауһар Зәйденова мен Аяжан Жолдасқали Байқоңырда өткен ғарышты зерттеу бойынша IX Халықаралық ғылыми жарысқа қатысып, сыйлықтарға ие болды.

Гауһардың ғылыми жұмысы Ресей ғалымдарының да қызығушылығын оятты. Жарысқа қатысушылардың жұмыстары кейін қайтарылса, оқушы қыздардың зерттеулерін әрі қарай байқап білу үшін ұйымдастырушылар өздерінде қалдырып отыр.  «Оқушы қыз зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты»,-деді басылым.

Түрлі олимпиадалардың жеңімпазы бұл жобасын 2 жыл бойы әзірлеген екен. Зерттеу жұмыстарын жүргізді, кітапханаларға жиі барып, интернет-дерек көздерін қарастырды. Қазақстанда жоқ кітаптарды шетелден алдырып, материалдарды ағылшын тілінен қазақшаға аударды.

Бірініші орынды иеленген Гауһар ҰБТ тапсырудан босататын арнайы сертификатқа ие болды. Бүгінде дарынды оқушы қыз Қазақстанның кез келген жоғарғы оқу орындарына түсе алады. Оған тіпті Ресейдің техникалық ЖОО-ларынан шақыртулар келіп түсті. Алайда, әкесінің пікіріне құлақ асқан Гауһар оқуын ҚБТУ-да жалғастыруды мақсат етіп отыр. Ал оны тәмамдаған соң, шетелде оқуын жалғастырмақ ниетте. 

10 сынып оқушысы Аяжан Жолдасқали «ғарыштық медицина» бағытына қызығушылық танытады. Құрбысы секілді ол да емтихан тапсырмай, еліміздің кез-келген университетіне түсу мүмкіндігіне ие болды.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!