Нобель сыйлығының лауреаты Франсуа Жакоб өмірден озды

Фотография - Нобель сыйлығының лауреаты Франсуа Жакоб өмірден озды

Ғалым бар ғұмырын генетика саласын зерттеуге арнады.

183 0

Франциялық микробиолог пен генетик, физика және медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Франсуа Жакоб жексенбі күні Парижде 92 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап отыр.

Жакоб 1920 жылы франциялық Нанси қаласында дүниеге келген. Ер жеткен соң, ол Сорбонна университетінің медициналық факультетіне түсті. Алайда соғыс басталып,  оқуын тәмамдай алмады. Тек 1947 жылы ғана  хирургтің дипломын иеленді. Бұл кезде Жакоб Францияның жоғары әскери марапаттарының бірі -Азаттық орденін алған болатын.

Ол 1950 жылдардан бастап Пастер институтында  бактериялардағы генетикалық механизмдерді зерттеумен шұғылданды. Жакоб және оның әріптестері Андре Львов, Жак Моно ферменттер мен вирустардың синтезі саласындағы жұмыстары үшін Нобель сыйлығымен марапатталған.

Ғалым бар ғұмырын генетика саласын зерттеуге арнады.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!